«Нұр Отан» партиясы БҚО Теректі аудандық филиалының «Төңкеріс» бастауыш партия ұйымында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша кездесу өткізілді

Покрутите

Шараға «Төңкеріс» бастауыш партия ұйымының төрайымы Шунышкалиева Балхаш Қайыржанқызы қатысты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында  Елбасымыз мемлекетіміздің алдағы даму мен жаңғыру жолын және де қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу процессін айқын белгілеп қойған, — деп ерекшеледі Балхаш Қайыржанқызы.

Кездесудегі партиялықтарымыз қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу мәселесіне ерекше назар білдіргенін атап өту қажет.

Андронова Зоя Борисовна, ауылдық кітапхана меңгерушісі, «Кирил қаріпбиінде жазылған әдебиетіміз енді қажетсіз болып қала ма?»,  – деген сұрақ қойды. Балхаш Қайыржанқызы бұған қауыпсыну бекер екендігін белгіледі: «Ешқандай қорқыныш болмау керек, қоғам кирил қаріпбиін де қолданатын болады», – деп жауап берді.

Кездесу барысында Долин жалпы білім беретін негізгі мектебінің директоры Ихсанова Айнагүл Серікбайқызы латын әліпбиіне көшу Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына кіруін жеделдетеді, озық ғылыми жетістіктерді қолжетімді қылу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын мәлімдеді. Қазақ тілінің латынға көшуі – маңдай алды мағынасы бар мақсат.

Елбасы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлығына қол қойып барша қоғам үшін үлкен және жауапты жұмыстың басын кесті.