ҰОС ардагері жаңа жылға сыйлық алды

Покрутите

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалына келіп, өзі үзбей оқитын газеттерге жазу туралы өтініш айтқан Ұлы Отан соғысының ардагері Стефан Безъязычныйға облыстық мәслихаттың депутаты Мереке Дүйсенбаев «Қазпоштаның» түбіртегін тапсырды. Тоқсан жастан асқан ардагер елдің қоғамдық-саяси өміріндегі жаңалықтарды қалт жібермейтін тұрақты оқырмандардың бірі. Ардагер 2018 жылға өзін жақсы көретін газеттеріне жазып, жаңа жылға сыйлық жасаған депутатқа алғысын білдірді. Мереке Дүйсенбаев ардагерге жыл сайын осы газеттерге жазып беретіндігін айтты. Партияның облыстық филиалының Саяси жүмыстар бөлімінің меңгерушісі Светлана Жолдасова ҰОС ардагеріне партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы туралы түсіндірді.