Маңғыстаулық жастар қайырымдылық турнирінде 230 мыңнан астам қаражат жинады

Покрутите

Жиналған 232 мың 400 теңге қаражат ауыр науқаспен сырқаттанып жатқан Ақтау қаласының тұрғыны Жұбаныш Сәрсенәлиевтің ағасы Дәурен Сәрсенәлиевке тапсырылды.

«Қайырымды бол, жас дос!» ұранын маңғыстаулық жасотандықтар жиі қолданады. Өйткені, аймақ жастары қайырымдылық шараларын тұрақты түрде өткізіп тұрады. Бұл жолғы аяқдоптан қайырымдылық турнирін «Жас Отан» жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалы мен Маңғыстау облысы жастарының конгресі үкіметтік емес ұйымы бірлікте өткізді. Аяқдоп турнирі Т.Жолдыбаев атындағы спорт кешенінде өтті.
— Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясындағы турнирге облыстың щалғай аудандарынан 20 команда қатысып, мүшелік жарна төледі. Атырау облысының Құлсары кентінен келген команда мүшелері де қайырымдылық турниріне үлестерін қосты, — деді Маңғыстау облысы жастары конгресінің директоры Айтжан Шоқанов.
Турнирді ұйымдастырушылар өздеріне көмек көрсеткен Ақтау қалалық денешынықтыру және спорт бөліміне алғыстарын білдірді. «Жас Отан» жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалы мен Маңғыстау облысы жастарының конгресі алдағы уақытта да мұқтаж жандарға көмектесу үшін өзара ынтымақтастықта жұмыс жасайтын болады.