«Нұр Отанның» көмегімен І топ мүгедегінің үйіне газ өткізілді

Покрутите

«Нұр Отан» партиясының көмегімен Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылының тұрғыны І топтың мүгедегі Қуаныш Қапановтың үйіне газ өткізілді.

Қыркүйек айында облыстық «Қазақстан Орал» телеарнасында көрермен назарына ұсынылған «Мәслихат. Депутат мінбері» бағдарламасына «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Серік Сүлеймен тікелей эфирде тұрғындардың сауалына жауап берген болатын. Студияға әр түрлі сұрақтармен облыс тұрғындары хабарласып толғандырған сұрақтарына жауаптарын алды. Аталмыш  бағдарламаға көзден  І топ мүгедегі, 47 жасар Қуаныш Қапанов өтінішпен хабарласты. Ол үйіне газ құбырларын жүргізу және ысытқыш пеш орнату үшін партиядан көмек сұраған болатын. Арыз иесі газ жүйесі үйіне дейін кіріп тұрғанымен, үйдің ішкі жылыту құбырларын алуға материалдық жағдайы жоқ екендігін алға тартты.

Көп ұзамай облыстық мәслихат депутаты Серік Кенжебекұлының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесінің  атсалысуымен облыстық мәслихат депутаты Аветик Амирханян жалпы сомасы 110 000 (жүз он мың) теңгеге ішкі жұмыстарға арналған құралдарды алып беріп, дәнекерленді. Сондай-ақ, Сырым аудандық партияластардың атсалысуымен барлығы 300 мың қаражат жұмсалып, көмекке мұқтаж жанның үйіне 30-шы қазан күні газ өткізіліп, толықтай іске қосылды. Денсаулығына байланысты жұмыс істей алмай үйде отырған мүмкіндігі шектеулі жанның қуанышында шек болған жоқ. Ол партияға деген алғысын өлең жолдарымен жеткізді.

Бейбіт заман ұрпағымыз білемін,

Елім, жерім деп соғады жүрегім,

Әлеуметтік аз қамтылған жан болса,

Мен де сондай мұқтаж жанның бірі едім.

Халық үшін сарып еткізер бар күшін,

Жомарт жандар көп қой шіркін нар мүсін,

Газ кіргізіп, жылу берген үйіме

«Нұр Отанға» шексіз менің алғысым.

Астанамыз әсем қала гүлге тең.

Мен Батысты басқаларға үлгі етем.

Облыста Серік аға бастаған.

Белсенділер халықпенен бірге екен.

Жүз отыз ұлт тату-тәтті біріккен,

Жақсылыққа әрқашанда үмітті ем,

Бұлдыртылық қолдау берген сырымдық

Аман болсын атқа мінер жігіттер.

Бұлдыртыдан Қуаныш Қапанов