«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаларының ережелерін түсіндіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

Покрутите

13 қараша 2017 жылы №4 Қалалық клиникалық ауруханасының үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласы әкімдігінің Денсаулық сақтау ұйымдарының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаларының ережелерін түсіндіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып жатыр.Кеңестi қорытындылай келе қатысушылар халықты кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуға шақырды.