«Алматы – темекі түтінінен азат қала!» тақырыбында көрме ұйымдастырылды

Покрутите

Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының денсаулық сақтау департаментінің бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының қолдауымен, партияның «Жастар – Отанға!» партиялық жобасы аясында №1 мектеп-гимназиясында «Алматы – темекі түтінінен азат қала!» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты – жастарға темекі мен кальянның зияндылығын, қауіптілігін түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын сақтауға жауапкершіліктерін ояту.
Көрмеге мектептің партия мүшелері және мектеп оқушылары қатысты.
Жобаны үйлестіруші Дильяна Бакиева, дәрігерлер Наталья Чанова, Екатерина Десятова, Диляром Заримовалар жасөспірімдерге «Темекі – өте улы, құрамында алколойдтар, әсіресе есірткі заттары көп өсімдік. Темекі түтінінің құрамында 12 000-ға жуық заттар мен химиялық қосылыстар бар. Оның 196-сы – улы, және 14-і есірткі тәріздес. Жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Темекі мен кальян тартудан арқа және бел аурулары, простаттың қатерлі ісігі, жатырдағы қатерлі ісік, бауырдың қабынуы, кеңірдектегі, төстегі, өкпедегі, асқазандағы қатерлі ісік аурулары туындайды. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады», — деп, темекі мен кальянның адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, оқушыларды саналылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Көрме жастардың өмірлеріне мән беріп, темекі мен кальян тартудан бас тартуға, денсаулығын сақтауға жауапкершіліктерін оятуға септігін тигізді.
Жастар ел болашағын да, ару қала Алматыны да темекі түтінінен азат ету өз қолдарында екендігін ұғынды.