Астанада 15 мектеп-лицейінде оқушылар арасында өткен зияткерлік сайысқа қатысты

Покрутите

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын Іске асыру мақсатында Сарыарқа аудандық филиалы 15 мектеп — лицейінде оқушылар арасында өткен зияткерлік сайысқа қатысты.

Шараға 4, 15, 18, 62 мектептің командалары ат салысты. Оқушылар Қазақстан Республикасы тарихына және елімізді дүниежүзіне паш еткен EXPO көрмесіне қатысты сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өз білімдері мен ой — ұшқырлығын көрсете білді.

Ойынның қорытындысы бойынша 4 мектеп — гимназиясының командасы жеңіске жетіп жеңімпаз атанды.