«Мәңгі ел» болу үшін латын әліпбиі ауадай қажет» — дейді ОҚО этно-мәдени орталықтарының өкілдері

Покрутите

Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру мәселесі қызу талқылануда.  Ғалымдар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар және белсенді азаматтар әр-түрлі кездесулер өткізіп, ұсыныстарын білдіруде, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және әлеуметтік желілерде ойларын ортаға салуда.

Осыған орай, Шымкентте «Нұр Отан» партиясының филиалы латын қарпіне көшіруді ілгерілету және оны талқылау мақсатында зиялы қауым және облыстағы этномәдени орталықтарының өкілдерімен дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.

Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары  Бауыржан Қуанышбековтың айтуынша латын әліпбиі — әлімде ең көп тараған әліпбилердің бірі, өйткені халықтың 70 пайызы латын қарпін қолданады.

  • Менің ойымша, бұл әлімдік тәжірибе көрсетіп отырғандый, оқу құралдармен, инновациялық идеялар, ашылып жатқан жаңалықтар латын әліпбиінде жарыққа шығады. Тілімізді реформалау ұлттық санамызды жоғары көтеретін қадам – деп ойлаймын. Яғни, латын әліпбиі бұл бүгінгі ғылым мен техника тілі, — деді ол.
  • «Мәңгі ел» болу үшін латын әліпбиі ауадай қажет. Латын әліпбиіне өткен жағдайда басқа ұлт өкілдеріне де қазақ тілін меңгеру оңай болады. Сонда бір ғана қазақ халқының ғана әліпбиі емес, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың әліпбиіне айналады, — деген ойды өзбек этно-мәдени орталығының мүшесі, «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы Алишер Сатыбалды.

Кәріс этномәдени орталығының төрайымы, Қазақстан Халық  Ассамблеясының мүшесі Роза Пак латын әліпбиіне көшкенде ұтатын тұстарымыз туралы айтты.

-Біріншіден – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Мемлекеттік тілге компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді жолдар ашылады. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты, емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап, барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді,-деді ол.

Дөнгелек үстел барысында ОҚО медициналық академиясының қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Сәлім, саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Сәуле Рысбаева, славян этномәдени орталығының төрайымы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі мүшесі Марина Лимаренко  және тағы да басқалар сөз алып, латын әліпбиіне көшу – мемлекеттің рухани-мәдени дамуындағы аса маңызды кезең, оған әр азамат өз үлесін қосу керек, деген пікірлерін білдірді.