«Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ»

Покрутите

«Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалында, «Нұр Отан» партиясының 2017 жылғы 2 жартыжылдығына арналған негізгі:                           іс-шарларының  Республикалық желілік кестесіне сәйкес,                            «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы шеңберінде жас отбасыларға арналған семинар – тренинг ұйымдастырылып өткізілді.

Семинар тренингке аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері, мектеп директорлары, бұқаралық ақпарат құралдарының, жастар бірлестігі қоғамдық келісім, этнобірлестіктер өкілдері жас отбасылар қатынасты.

Семинар тренингті партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Қажымұратұлы Төлепқалиев жүргізді

Семинар тренингте Зеленов орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Әсел Әлібекқызы Аманжол қатысып, семинарға қатысушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша видеокөріністер арқылы түрлі кеселдерден сақтану жолдарын, отбасын құру, бала күту мәселелеріне жауапкершілікпен қарау, аурулардың емделу жолдары туралы кең көлемде мағлұмат берді.

Облыстық ЖИТС орталығының меңгерушісі Гүлдана Серікқызы Қуанова семинар қатысушыларына аса қауіпті ЖИТС (СПИД) ауруларынан сақтану, алдын ала тексерілу, емдеу шаралары туралы дәрігерлік кеңестер берді. Сұрақтарға жауап қайтарды.

Одан кейін сөз алған аға ұрпақ өкілдері жастарға, жас отбасыларға ақыл – кеңестерін айтып, отбасы құндылықтарын нығайту мен дәстүрлерді сақтау мәселесіне жауапкершілікпен қарауды ұсынды.

Осындай семинар тренингтер аудандағы барлық бастауыш ұйымдарда өткізілуде және «Нұр Отан» партиясының Саяси Доктринасында белгіленген «Отбасы және Дәстүр» атты құндылықтарымызды тұрғындар арасына кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.