Партияның аудандық филиалы активтерінің жиналысы өтті

Покрутите

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әуезов аудандық филиалының конферец залында ауданның активтерімен жиналыс өтті.

Іс-шараға, «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңес мүшелері, партия белсенділері қатысты. Кездесудің басты мақсаты, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талдау.

 

Әуезов аудандық «Нұр Отан» партиясының Төрағасының бiрiншi орынбасары Мұрат Омаров жиынды аша келе, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жариялануы соңғы күндердегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаның бірі болғанын атап өтті.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының түпкі ойы халық жағдайын материалды тұрғыда жақсарту екенін айтты. Сонымен қатар, жастардың патриоттық тәрбиесін ояту. Онда мемлекет басшысы әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылуға бағытталған әрі қарай дамудың негізгі басымдықтары айқындалған.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талдау бойынша, қатысушылар өткізілген жиналыста өз пікірлерін ортаға салды.